МТРА жаңалықтары

Жазғы еңбек және демалыс

 

 

 №43 орта мектептің жылыжайы  шағын бақ секілді. Ішінде түрлі жеміс-жидек, көкөністер мен гүлдер жайқалып тұр. Мұнда жыл он екі ай бойы осындай  көрінісі.

Роза Бектасова, №43 орта мектеп директоры:
-Қыс уақытында аскөк, жуа секілді дәрумендері көп көкөністерді отырғызамыз.
Ал жаз шыға қызанақ, қырыққабат, сәбіз және гүлдер өсіріледі. Өнімдер мектеп асханасына өткізіледі. Бұның бәрі оқушылардың оқу-тәжірибе үрдісіне керек.


Енді бір-екі күнде оқушылар мен ұстаздар жәшіктердегі өскіндерді бақшаға отырғызады. Ол үшін жер жеткілікті. Мектеп алаңы 1,4 га аумақты алып жатыр. Биыл мектеп ұжымы маңайларындағы ағаштардың қатарын көбейтіп, аққайың көшеттерін отырғызды. Ал №42 орта мектептің жанындағы  алаң
да мамыр айының орта тұсында топыраққа сіңірілген дәндер көктеп шыға бастаған. 


Зәуреш Кенжетаева, №42 орта мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары:
-Біз жыл сайын дәстүрлі түрде көкөніс, жеміс егеміз. Олардың өнімдері өзіміздің мектебіміздегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға таратылады.


Мектеп учаскелерінде орта буынның оқушылары өндірістік тәжірибеден өтеді.
Ал бүлдіршіндер мектеп жанындағы алаңдарда демалады. Биыл Қызылжарда 50 алаңда 3136 балдырған демалады деп жоспарланған. Олар 1 маусымнан бастап жұмыс істейді.