МТРА жаңалықтары

СПИД-ке қарсы күрес

 

 

 

ЖҚТБ дертінің осы күнге дейін емі табылған жоқ. Сондықтан да ол ауру ғаламдық проблемаға айналып отыр. Қазір орталық «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қағидамен жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап дерматовенеролог маманнан ауру жайында тегін кеңес алу мүмкіндігін туғызған арнайы кабинет жұмыс істеуде. Биылғы жылы орталық жаңа мамандармен толықты. Қазір қалада 4 стационарлық және 1 жылжымалы пункт бар.

Қарлығаш Ақынова, ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі СҚО орталығының дәрігері:
үгінде аурулардың көбі есірткі тұтынушылар болғандықтан осы
бағытта көп жұмыс жасалады. Одан кейін жастар арасында сабақтар, сауалнамалар өткізіледі.

Облысымызда ЖҚТБ-ның алдын
алуға арналған   бағдарлама қабылданған болатын. 2007-2010 жылдарға жоспарланған осы бағдарламаның аясында орталық жаңа құрылғымен жабдықталды. Оның көмегімен ағзадағы т-лимфоциттердің, яғни аурудың деңгейі анықталып, емдеудің тиімді жолдарын белгілеуге болады.

Марал Шәріпова, облыстық ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі СҚО орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
Басқа өңірлермен салыстырсақ, біздің облысымыз ЖҚТБ-мен аурудың орташа деңгейін көрсетеді. Бұл дертке шалдыққандардың 70 пайызын есірткі тұтынушылар құрайды.Соңғы кезде жыныстық қатынас арқылы вирус жұқтырғандар саны да өсуде. Бұл көрсеткішті азайту үшін шаралар қарастырып жатырмыз.

Облыстық ЖҚТБ орталығы
ның мәліметінше, 1997 жылдан бері облысымызда осы ауруды жұқтырған 400-ден астам адам тіркеліпті.  Олардың басым бөлігін есірткі тұтынушылар құрайды.