МТРА жаңалықтары

Соңғы қоңырау

 

 

 

Облыс орталығында бүгін 36 мектепте оқу жылы тәмамдалды. 1280 оқушы үлкен өмірге аяқ басты. 10 мектепте де 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған 37 бойжеткен мен бозбала үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды.  Атаулы күнмен түлектерді құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов өркениетті елдің болашағы үшін жас ұрпақтың білімді болуы қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Елбасымыз жас ұрпаққа білім беруге көп көңіл бөледі. Білім сапасын арттыру бойынша көп істер атқарылуда. Сіздер өз үлестеріңізді қосып, болашақтың азаматтары болатындарыңызға сенімдімін.

Алда үлкен сынақ – Ұлттық бірыңғай тестілеу бар. Болашағымыз үшін өте маңызды бұл емтиханға бүкіл сынып тыңғылықты дайындалды дейді түлектер.

Ескендір Қашағанов, түлек:
оғары оқу орнына түсу- менің ересек өмірімдегі ең алғашқы баспалдақ. Сондықтан тестілеуді сәтті тапсыруым керек. Біз мектепте күні-түні дайындалдық. Енді нәтиженің қалай болатынын емтихан күні көреміз.

Ата-аналар қауымы да осыны ойлап, қобалжулы. Мектеп мұғалім
дері де үмітіміз ақталса деп тілейді.

 Светлана Карташова, ана:
 -Мектеп сіздерге білімнің іргетасын қалап берді. Енді әрі қарай өмірлеріңді өздерің құрасыңдар.

Білім ұясының табалдырығын аттағаннан бастап түлек атанғанша әр оқушының қолынан портфель түспейді. Міне, осы құралды 1-ші сынып оқушылары үлкен аға мен апаларына тарту етті.  Жиын соңында сыңғырлаған қоңырау үні 37 оқушыға мектеп өмірінің  аяқталғанын білдірді. Ал келесі оқу жылында 1-ші сыныпқа бұл мектепте  60 бала аяқ баспақ.