МТРА жаңалықтары

Шекарашылар жиыны

 

 

 

 

Шекарашылардың оқу-әдістемелік сабақтары  – жыл сайынғы дәстүрлі шара. Биыл алдын алу шарасы Петропавлда ұйымдастырылды. Өйткені 2009 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті 2032 «Есіл» әскери бөлімі қызметтік іс-әрекеттерін тыңғылықты атқарып, І орынды иеленген-ді. Шекарашылар 1500-ға жуық заң бұзушылықты анықтап, 500 млн теңгенің контрабандалық тауарын өткізбек болған қылмыскерлерді ұстаған. Оқу-жаттығу шарасы барысында шекарашылар ату, жүгіру сияқты сынақтардан өтеді. Ішіндегі ең күрделісі – шекара заставасына жасалған шабуылға тойтарыс беру операциясы.  Дегенмен, өз ісінің білгір мамандары бұл жұмысты да сәтті орындады. Қаруланған қылмыскердің жолы бірден кесілді. Шекараны бұзбақ болған адамның рөліндегі Азамат Телекеев мұндай операциялардың шекарашыларға тигізер пайдасы мол дейді.

Азамат Телекеев, 2032 “Есіл” әскери бөлімінің аға атқышы:
Мен бұл тапсырмаға мемлекеттік шекараны бұзушы ретінде қатыстым. Осындай операциялар арқылы біз заң бұзушының психологиясын зерттейміз. Және осындай жағдайға тап болғанда жылдам шешім қабылдап, қылмыскерді жедел ұстауымызға септігі мол.

Келесі тапсырмаға сәйкес шекарашылар
екі ел арасындағы бақылау аймағында жұмыс істеді.

Айдар Оралханов, Петропавл шекара жасағы басқармасының аға офицері:
-Шекара бұзушылар шекарашыларды алдау әдіс-тәсілдерін қолданады. Ол шекараны кескенде артқа қарап жүріп немесе біреуді арқалап  өтуі мүмкін.
Онда аяқ ізінің өкшесі терең болады.

Ел
шетіндегі тәртіп пен азаматтардың шекарадан  заңды түрде кесіп өтуін қадағалайтын шекарашылар кәсіби даярлықтарын шыңдауда. Ал  сынақтар мамырдың 28-не дейін жалғаспақ.