МТРА жаңалықтары

Каратешілер емтиханы

 

 

 

 
Аса маңызды сынақтан өтуге 140 каратеші дайындалыпты. Емтиханнан сүрінбей өткендерге  білігіне сай белдік беріледі.
5 жасынан осы спорттың қыр-сырын меңгере бастаған Рахат Мұхамадиев көк түсті белдігін сары жолағы барына алмастыруды көздеп келіпті.

Рахат Мұхамадиев, жас каратеші:

сы спортқа мені әкем мен анам әкелді. Бұл спорт өте ұнайды. Мұнда менің денсаулығым күшейеді.  

Кю-тест деп аталатын бұл емтиханға жасөспірімдер 4 айға жуық дайындалды. Ұзақ жаттығулардың нәтижесін аттестацияға арнайы келген бүкілқазақстандық к
екушинкай карате ұйымының президенті Тәжімұрат Найзабековтың өзі бағалайды.

Тәжімұрат Найзабеков, бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымының президенті:
үгінгі байқауымыз біздің осындағы директорымыз жұмысының қорытындысы деп ойлаймыз. Мұндай емтихандар 6 ай сайын өтеді. Петропавл  
10 күн ішінде айналып өткен менің жетінші қалам.

Карат
е кекушинкайдың негізгі талабы – барлық бағдарламаларды жетік меңгеру және дене даярлығы. 16 жасар Сұлтан өз шеберлігіне сенімді, алда үлкен додаларда бағын сынамақшы.

Сұлтан Жақан, каратеші:
5 жыл ішінде жеткен жетістіктерім баршылық. Биыл Қазақстан чемпионы атағын алдым. Мақсатым осы жазда Жапонияға барып, ашық чемпионатқ
а қатысып, жүлделі орын алу.

Осы сынақтан сүрінбей өтсе, бүгінгі бүлдіршіндер қара белдікке дейін апаратын қиын да қызықты жолмен карат
е әлеміне тереңірек бойлай бермек.