МТРА жаңалықтары

“Мемлекеттік тіл – менің тілім”

  

Юлия Шинилова – кардиологиялық орталықта медбике қызметін атқарады. Ал бүгін ол халаттың орнына қазақ халқының ұлттық көйлегін киді. Юлия байқауға өз ниетімен қатысып отыр. Абайдың сырға толы «Желсіз түнде жарық ай» әнін сызылта орындаған нәзік жанды қолдауға әріптестері мен достары келді. Олар Юлияның жеңетініне сенімді.

Юлия Шинилова, кардиологиялық орталықтың медбикесі:
ен қазақ тілін 10 жыл бойы үйреніп жүрмін. Қазақ тілін жақсы көремін.

Байқауға биыл 17 адам қатысты. Басты мақсат – 30 жасқа дейінгі, қаламыздың мекемелерінде қызмет жасайтын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін игеру деңгейін байқау. Қатысушылар өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, ұлттық салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтел айтып, дархан даламыздың әндерін шырқады. Байқауды “Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ұйымдастырды. Оны өткізуге таңдалған орын да кездейсоқ емес – “Достық үйі”. Осындай шара өзге ұлт өкілдері арасында мемлекетті
к тілдің беделін көтерсе, “шала” қазақтарға үлкен сабақ болады дейді ұйымдастырушылар.

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
Бүгінгі күні бұл байқаудың деңгейі өсіп келе жатыр, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін насихаттайтын жастарымыз бар.

Байқау қаламызда алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Қатысушылар саны да жылдан жылға артып келеді.