МТРА жаңалықтары

“Бизнестің жол картасы -2020”

 

 

Үкімет бекіткен “Бизнестің жол картасы2020″ бағдарламасы бойынша облыстағы екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге несие беруге әзір. Арнайы үйлестіру кеңесі құрылып, жұмыс ережесі бекітілген. Ендігі уақытта шағын және орта бизнес өкілдерінің белсендігі қажет. Бағдарлама үш бағытта жұмыс істейді.

Зайра Аяғанова, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары:

-Біріншісі, жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, одан кейін кәсіпкерлік саласын сауықтандыру және экспортқа бағыттылған өндірісті қолдау.


Сонымен мемлекеттік бағдарлама ауыл, орман, балық шаруашықтарын, өндіріс саласын дамытуға бағытталған. Яғни бөлінген қаржы кәсіпкердің осы салаларда жұмыс істеуі үшін банктерден алатын несиесінің пайыздық өлшемінің 5 пайызын өтеуге жұмсалады.Сондай-ақ банк талап ететін кепілдік көлемінің 50 пайызын мемлекет ұсынады.

Асқар Ыбырайымов, “Халық банкі” АҚ СҚФ директоры:

-Клиент кез-келген банк филиалынан ақпарат ала алады. Бірінші кезеңнің өзінде -ақ несие беріле ме, берілмей ме белгілі болады.


Банк несиелендіретін жағдайда жұмыс ілгері жылжиды.


Ирина Суворова, “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ АФ директоры:

-Банктен ақпарат үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылады. Бұдан соң құжаттар экономикалық даму және сауда министрлігіне түседі. Кейін бізге банктерге осынша қаржы аударылсын деген ақпарат келеді.

Ал Үкімет экспортқа бағытталған жобалардың 8 пайызына дейін субсидия бөлуге әзір. Облыста бағдар
ламаны жүзеге асыру үшін 370 миллион теңге белгіленген. Аудандық және қалалық әкімдіктердің мәліметтері бойынша кәсіпкерлерден 202 жоба ұсынылады деп жоспарланған.