МТРА жаңалықтары

Полиомиелитке қарсы егу

 

 

 Полиомиелит – адамның жүйке жүйесіне зақым келтіріп, паралич тудыртатын өткір жұқпалы ауру. Осы инфекцияға көбіне 15 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Бұл індет азық-түлік, су және ауа арқылы беріледі. Қауіпті сырқаттың алдын алудың бір-ақ жолы бар. Ол – егу .

Ольга Полянская,  СҚО бас педиатры:
– Вакцинациялау
баланың 2 -інші, 4 -інші, 5 -інші және 15 -інші, 16 -ыншы айлығында жүргізіледі. Мұндай қызметтер балалар емханасында тегін көрсетіледі.

Соңғы төрт ай ішінде облыс бойынша жаңа туған және бір жасқа толмаған балалардың 33 пайызы толықтай егілді. Мұндай мәлімет баспасөз мәслихатында айтылды. Жалпы елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты дейді ведомств
о басшысы. Тіпті Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылы Қазақстанды полиомиелитке тәуелсіз мемлекет деп жариялапты.

Қайыргелді Есенеев,  СҚО бойынша МСЭҚКД бастығы:
 – Аудандардағы вакциналардың бар-жоғын қатаң бақылауға алдық. Полиомиелит фактісі елімізде тіркелмесе де, емханалар, стационарлар мен бейімдеу орталықтарында бұл ауруды анықтау шараларын ұдайы жүргізіп келеміз.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, бүгінгі күні Тәжікстанда 278 өткір паралич оқиғасы тіркел
ген. Ал Ауғанстан, Пәкістан, Индия және Нигерия елдерінде полиомиелит ауруы әлі күнге дейін жойылған жоқ.