МТРА жаңалықтары

Махамбет оқулары

 

Естай Нұртаев,  байқауға қатысушы, Айыртау ауданы:
-Мен наурыз айынан осы жарысқа дайындалдым.
Ақынның 30 өлеңін жаттадым. Маған оның “Қызғыш құс” өлеңі ұнайды. Мағынасы терең.

Келесі турда жастар тәуелсіздік туын көтерген батырдың күйлері мен әндерін орындады. Соңғы кезеңде байқау үміткерлері өз өлеңдерін оқыды. Үш айналымның жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық сайысқа дайындалатын болады.

Айтбибі Өркешова, СҚ педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары:
Бұл жарысқа қатысушалар мектепішілік, аудандық іріктеуден өткен мәнерлеп оқу шеберлері. Енді облыстық деңгейден сүрінбей өткендері Атырау қаласында өтетін республикалық байқауға аттанады.