МТРА жаңалықтары

«Нұр Отандағы» қабылдау

 

 

 

Қоғамдық қабылдауға Дәрия Жакенова өзінің жеке шаруасымен келді. Оның әкесі Ұлы отан соғысына қатысыпты. Смоленск түбінде болған шайқаста қаза тапқан деген мәліметті Дәрия Қазбайқызы кітаптан тауып алыпты. Ақ жаулықты әженің енді сол Калуга облысына барып қайтсам деген арманы бар екен.

Дәрия Жәкенова, зейнеткер:
-Ресейге барып, бір уыс топырақ алып қайтсам деймін.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-«Нұр Отанның»  атынан бір өкілді қосып жібереміз.


Ал Евгений Долгих жаңа іс ашуға ниетті. Жас жігіт резеңкені қайта өңдеп, қалпына келтіру өндірісін қолға алмақшы. Бұндай цех Шымкент қаласында ғана жұмыс істейді екен. Оған 300 мың доллар қаржы қажет көрінеді. Бұл кәсіпорын іске қосылса, 3 жылдың ішінде өзін ақтап шығуы тиіс. Жоба маңызды, алайда Евгений Долгихта кәсіпті дөңгелентіп әкетуге қаржы жоқ.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Маусымның басында “Тобыл” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстық әкімдіктің меншігіне өтеді. Сол кезде осы құрылым арқылы қаржыландыру мәселесін шешіп көреміз.


Ал Сағынтай Ізғұтдиннің жобасы дайын.
Оны кәсіпкер қоғамдық қабылдауға алып келді. Сағынтай Атымтайұлы қазандық жөндеу және құрастыру цехын іске қоспақшы. Бұндай қазандық көмірді көп шығындамайды. Жиі жөндеудің қажеті шамалы. Өңір басшысы бұл жобаның маңызды екенін айтып өтті. Оған қаржы бөлу мәселесі қарастырылатын болады.