МТРА жаңалықтары

Түлектер форумы

 

 

 

 

 

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев өткен жылғы алғашқы форумда түлектерге жоғары ұпай жинауды міндеттеген еді. Міндет орындалды. Өткен жылғы мектеп бітірушілер облыс аудандары арасынан бірінші орыннан көрінді.   

Қайрат Пішенбаев, Қызылжар ауданының әкімі:

-Алдағы сында жақсы нәтиже көрсетіп, түлектер биыл да жоғары балл алады деп ойлаймын.  

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуде -100 ұпай. Бұл Қызылжар ауданы түлектерінің биылға қойған өз межелері. Тестілеуге ауданның 364 түлегінің 245-і қатысады. Жыл бойы 10 шақты рет тестілеу өткізіліп, даярлық нақтыланған.

Гүлшат Бәкеева, “Парасат” орта мектебінің мұғалімі:

-Түлектер жақсы нәтиже көрсетті , 80-90 шамасында, 100- ге жеткіземіз деп ойлаймын.

Мұғалімдер мен ата-аналар тестілеу кезінде түлектерге психологиялық көмекті күшейткен.  Жауапты науқан алдында тұрған әр жеткіншек қамқорлықты сезінуі керек. Емтихан алдында демалу, тест кезінде сабырлық сақтау техникасын оқушылар жақсы меңгерген.

 Ербол Өлмес, мектеп түлегі:              

– Балаларға қысым жасалмауы керек. Керісінше, сенім білдіру керек.
Жұлдыз Есенғожина, мектеп түлегі:

-ҰБТ- да қалай өзіңді ұстау керек соны үйретеді. Психологтар тренингтер өткізеді.

Түлектер тестілеуге дейінгі әр күнді санауда. Ең бастысы, жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенімді.

Айтолқын Сұлтанғазина, мектеп түлегі:

– Ата-аналар , оқушылар, мұғалімдер бірлесіп даярланудамыз.

Сахнаға шыққан аудан өнерпаздары, мектеп оқушылары  түлектерге сәттілік тіледі. Ал мектеп бітірушілердің келесі форумы ҰБТ-ден кейін өткізіледі.