МТРА жаңалықтары

Пионерлер күні

 

 

 


 

Андрей Зайцев – облыстық қуыршақ театрының әртісі, бұрынғы пионер. Қанша жыл өтіп, коммунистік жүйе күйресе де,  галстук тағып жүрген пионерлік өмірді  ұмытқан жоқпын дейді.  


Андрей Зайцев, облыстық қуыршақ театрының әртісі:
-Пионер қатарына кіру үшін сабақты жақсы оқу керек. Үлгілі, озат оқушылар ғана пионер деген атқа  лайық болатын. Қызыл галстукты мойынға тағудың өзі біз үшін мақтаныш еді.  

Қазіргі күнгі балалар мен жасөспірімдер ұйымдары да пионерлердің бірқатар дәстүрін жалғастыруда. Тек олардың галстуктарының түсі тәуелсіз еліміздің рәміздері реңдес. Қалалық № 21 орта мектеп оқушылары мемлекеттік мерекелерде осындай галстуктарын тағып шығады.

Оқушылар:
  – Біз жақсы оқуға ұмтылып, тәртіп бұзбауға тырысамыз.
 – Біздің ұйымымыз “Татулық” деп аталады. Біз қарт адамдарға көмектесеміз.

 Бүгінде нышандар мен ұрандар өзгергенімен  балалар ұйымдарының мақсаты  елін сүйетін, қоғамға пайдалы азаматты мектеп жасынан тәрбиелеу дейді ұстаздар.