МТРА жаңалықтары

Патриоттық әндер байқауы

 


 
 Ән байқауы әскери марш әуенімен ашылды. Ал әншілердің өнерін қазылар алқасымен бірге үлкен залға жиналған көрермендер де бағалап, қошемет көрсетіп отырды.

Таңат Бейсенбаев, облыстық халық шығармашылығы орталығының қазақ мәдениетін дамыту бөлімінің меңгерушісі:
-Жалпы бұл жарыс жыл сайын өткізіледі.
Талаптар қиын емес. Бастысы өнер иесінің өзін-өзі сахнада ұстай білуі, дауысы, интонациясы.

Сахнаға бірінші болып Айыртау ауданынан келген Сағындық Жанысов шықты. Көшбастау қиын болса да,
 ол тыңдармандарының жүрегін бірден жаулап алды.   Жас әнші бұрындары халық естіп көрмеген ақын, әрі сазгер Ералы Тасқұлұлының «Болмасын соғыс, болмасын» әнін орындады.

Сағындық Жанысов, байқауға қатысушы, Айыртау ауданы:
-Мен сахнада қобалжыған жоқпын. «Болмасын соғыс, болмасын» әнін орындаған себебім,  жұрт бұл әнді біле бермейді.

Петропавл қаласының намысын Лаура Күрлеуітова қорғады. “Баллада о матери” әнін шырқаған  ол «Мамыр жұлдыздары» байқауына екінші мәрте қатысып, осы жолы І орынды еншіледі. Байқау қорытындысы бойынша жас әншілердің барлығы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.