МТРА жаңалықтары

Қостанай театрының гастролі басталды

 

 

 

 

 
Қостанайлық әртістердің өнеріне үш жылдан бері тәнті болып жүрген жерлестеріміз  өнер ұжымы облысқа ат басын тіреді деген жақсы хабарды ести сала  театрға қарай ағылды.
Көрші облыстың өнер саңлақтары да өңірімізге жақсы әзірлікпен келген екен. Олар гастрольдік сапардың шымылдығын “Ер Сұлтан” қойылымымен ашты. Сахнагерлер
Ұлы Жеңісті жақындатқан қазақтың батыр ұлы жайлы сыр шертетін қойылымның көрермен көңілінен шығатынына сенімді.

Ерсайын Төлеубай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі:
– Спектакльді өзім жазып, өзім қойдым. Ол  ҰОС  жеңістің 65 жылдығына орай жазылды. Сұлтан Баймағамбетов деген асқан ерлікпен 23 жасында қаза болған қазақ батыры бар. Соған арналған дүниеміз.

Спектакльдің тұсау кесері наурыз айында ғана өтіпті.
  Оның негізгі тақырыбы Ұлы Отан соғысы болғанымен, онда жастардың махаббаты, жеке басқа табынушалық, колхоздастыру кезеңі, сталиндік репрессия  да көрініс тапқан.  Сұлтанның өмірдегі ұстазы Омардың халық жауы атануы және бас кейіпкердің ғашығы Баршынның мүшкіл халі осыған дәлел.  Асқан мергендігімен танылған Сұлтан Баймағамбетовты алдап-сулап әскерге аттандырып тынған НКВД-ның тергеушісі оның жақындарына әңгіртаяқ ойнатады. Ал бұл уақытта Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген Ер Сұлтан  батальон командирі болып тағайындалады. 1941 жылдың жазы туып, соғыс басталғаннан кейін Сұлтан Баймағамбетовтің туған жері «Қояндыағаш» колхозына қаралы қағаз   жетеді. Онда 147-ші батальон командирі Сұлтанның Сталинград түбіндегі шайқаста жау оғына кеудесін тосып, өз жауынгерлерін қорғап қалғандығы жазылған. Осы ерлігі үшін  қазақ  жігітіне Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, туған елінде ескерткіш орнатылады. Бір адамның тағдыры арқылы бүкіл қазақ даласындағы жағдайды көрсеткен әртістер  спектакльді бір сағаттан артық уақытта ойнап шықты. Бірақ  залда отырған жас пен кәріге бәрі бір демде өткендей сезілді.

Көрермендер:
-1957 жылы Қостанайға бардым. Нағашым дәл С.Баймағамбетов көшесінде тұрды.
Кітаптан оқыдық, киносын да көрдік. Кейінгі жастар сол ағалардан үлгі алса екен.
Жақсы спеектакль. Өте ұнады. Өте жақсы әсер алдық.

 
Құрылғандарына 10
жыл ғана болғанымен  театр труппасында тәжірибелі әртістер бар екен. Солардың бірі – Қонысбек Бегайдаров  


 Қонысбек Бегайдаров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
-Әрине, бізге бұны ойнау оңай болған жоқ. 2-ші прьемера. Ішкі толқыныс деген болды. Қызылжар көрермендері қалай қабылдайды екен деген сауал көңілден кетпеді. Енді халық  жылы қабыл алды деп ойлаймын.