МТРА жаңалықтары

Иіс қайдан ?

 

 

  Канализациялық құралдарды тазалау орталығы қалдықтарды Мамлют трассасы  бойында орналасқан көлге төгеді.  Тұрғындарға  «Поганка» деген атпен белгілі бұл көлдің жаман иісі енді қаланың алыс аудандарына да  тарап отыр.  

Тұрғындар:

Мен «Сокол» шағын ауданында тұрамын. Бір жағымсыз иісті жиі сезетін болдық. Жолдасым екеуміз саяжайға жиі шығамыз. Қаладан тысқары шықсаң, тіпті дем ала алмайсың.

Өте жаман иіс. Жертөледе тұратындай әсер алып отырмыз. Мен «Уют» ауданында тұрамын.
 Мен вокзал жақта тұрамын. Өткен жылы мұндай иісті аңғарған жоқпын.

Алайда борсыған суд
ан Былғары зауыты, Кирпичный шағын ауданының тұрғындары көптен бері зардап шегіп келеді. Тіпті үйден шығып таза ауа жұта алмайды.  Мәселен, Проселочная   көшесінен баспана алып, түтін түтетіп отырғанына 7 жылдың жүзі болған Ботагөз Байжанова бұл жағымсыз иіс әр көктем сайын тынысымызды тартылтады дейді.

Ботагөз Байжанова, Былғары зауыты кентінің тұрғыны:
-Мына иіске шыдау мүмкін емес. Далада таза ауамен дем алайын десең, жағымсыз иістен жүрегің айниды.
Үйде де сол иіс. Терезені ашып, ауа тазалау мүмкін емес.


«Петропавл су» АҚ мамандары мен экологтар жағдай ұдайы бақылауымызда дегенді айтады. Сасыған көлге тексеріс жүргізуді мамырдың соңына жоспарлаған көрінеді.