МТРА жаңалықтары

Отбасы күні

Анатолий мен Оксана Рублевтардың отбасы – балалар үйінің көптен күткен құрметті қонақтары. Ыстық ұя- интернаттан қанат қағып, үлкен өмірге аяқ басқанына  10 жылдан асып кетсе де, Оксана мұнда жиі келіп тұрады.

Оксана Рублева,  интернат түлегі:

 

-Отбасы әрдайым жылылық, қайырымдылықтың ошағы болуы тиіс. Өзіңе тірек болар жұбайың, отбасың болғанына ештеңе жетпейді. Қиындықтары көп мына өмірде отбасы жылуына мұқтаж болудан жаман нәрсе жоқ.

Балалар қонақтар
ға сұрақтарын қойып, еркін тілдесті.  қағаздан арнайы жасаған сыйлықтарын ұсынды. 
Интернатта
 өсіп жатқан 170-ке жуық бала  19 отбасына топтасқан. Солардың ішіндегі жалғыз және ең үлкен отбасында қазақ балалары тәрбиеленуде. «Болашақ» отбасы өз меймандары – қазіргі СҚМУ студенттері Алтынгүл мен Арайға арнап концерт те дайындапты.

Алтынгүл Шәріпова, интернат түлегі, СҚМУ студенті:

үгін ерекше күн. Біз «Бақытты отбасы» деген тақырыпта әңгіме құрудамыз. Болашақта олар біз сияқты өз орындарын тапса деймін.

Жуырда ғана шаңырақ көтерген Алтынгүл мен Рүстем жеткіншектерге бақытты отау құруға болатынын өз тәжірибелері арқылы көрсетті.

Жазира Ғабдулина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Түлектеріміз өздерінің қалай отбасы құрғандарын, кездесулері жайлы айтып берді. Мен оларға бақыт, бірлік тілеймін. Отбасылар бақытты болса, мемлекетіміз де бақытты болады.

Бұл күні балалар үйінің әр бөлмесінде көңілді әндер шырқалып, мерекелік дастарқан жайылды. Ал жүздерінде күлкі ойнаған бүлдіршіндер
дің жарқын болашаққа деген сенімдері арта түскендей.