МТРА жаңалықтары

Инспекторлар өз учаскелерін аралауда

 

    
Тұрғындардың бәрі бірдей өз учаскелік инспекторларын тани бермейді. Сондықтан акция кезінде тәртіп сақшылары әр пәтерге бас сұғып, тұрғындармен жүздесіп, олардың проблемаларымен таныспақ. Учаскелік инспекторлар Ренат Закарин мен Мұрат Сауытбеков қадағайлайтын ауданда үнемі тәртіп пен тыныштық сақталады деп айтуға болмайды.
Полицейлер күнделікті жұмыс барысында тұрғындармен қарым-қатынастарын жақсы жолға қойған. Солтүстік ықшам ауданының тұрғындары олардың жұмысына разы. Тұрғындарды негізінен тұрақты мекен-жайы жоқ жандар мен маскүнемдер мазалайды. Көршілердің дау-дамайы  тәтті ұйқыны бұзатын жағдайлар да болып тұрады. Бұл проблемалар тәртіп сақшыларының күнделікті назарындағы мәселелер. Алдағы уақытта халықпен кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Онда тұрғындар учаскелік инспекторлардың жұмысына өз бағаларын беретін болады.
“Танысуға рұқсат па?” шарасы маусымның алтысына дейін жалғасатын болады.