МТРА жаңалықтары

Қоймадағы өрт

 

 

 

Өрт туралы қоңырау құтқару бөліміне сағат 10.49-да түскен. Тез жеткен құтқарушылар хабардың тым кеш берілгенін, өрт ошағының жайылып үлгергенін айтады. Өрт сөндірушілер келгенде қойманың ішінде тұтанған от шатырға жеткен еді.Алдын ала болжам бойынша “Оникс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс қоймасында 50 тонна битум, осынша рубероид болған. Сондықтан облыс орталығының бұл ауданы қара түтінге оранды.


Кенжеболат Айтжанов, СҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

-Өрт көлемі өте үлкен болды. Қосымша күш шақырттық. Битум жанып жатты. Оны сөндіру қиын, арнайы көлік керек. Соны берді.

Өртке 50 құтқарушы, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Апат ауданындағы техника қозғалысы тоқтатылды.


Кенжеболат Айтжанов, СҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

-Ғимарат өте биік. Гидранттар жоқ бұл аумақта. «Түркістан» ресторанынан жеткіздік. Жанындағы ғимараттарға өрт тараған жоқ.

Өрт сағат 12.20 -да сөндірілді. Болжам бойынша, өрт қоймадағы жұмысшылардың қауіпсіздік шараларын сақтамауынан шыққан. Қазір өрт себептері мен келтірілген шығын көлемі есептелуде.