МТРА жаңалықтары

Контрабандалық тауар

 

 

 

 Соңғы ірі партия Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. “Қарақоға” кеден бекетінің қызметкерлері шекараны заңсыз кесіп өтпек болған «ГАЗ-66» көлігін ұстады. Тексеру барысында машинадан 32 қапқа салынған халық тұтынатын тауар табылды.  Қарағанды ауылының тұрғындары контрабандалық киім-кешекті Омбы облысына жеткізбек болған. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бауыржан Асылбеков, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің аға қызметкері:
амырдың 8-і Омбыға бет алған «ГАЗ-66» ұсталды. Оны тексеру барысында табылған тауар негізінен балалар киімі мен джинсы. Жалпы сомасы 10 миллион теңгеге жетіп қалады.