МТРА жаңалықтары

Ардагерге орден тапсырылды

 

 
Алексей Решетняк майданға қырық үшінші жылы аттанған.
Соғыста үш рет жарақаттанып, Жеңісті Венгрияда госпитальда қарсы алады. Ал бейбіт күндері ел экономикасын көтеруге еңбек етті. Қарт майдангер Ұлы Жеңістің алпыс бес жылдығын Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда қарсы алу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандық делегация құрамында Ресей астанасына барып қайтқан қарияның сапардан алған әсері мол.

Алексей Решетняк, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Мәскеуге Қазақстаннан 34 ардагер барып қайтты. Олардың үшеуі Мәскеуді қорғауға қатысқан. Бізді мәскеуліктер өте жақсы қарсы алды. Аға толқын өкілдері көздеріне жас алып,   алғыстарын жеткізді. Біз Жеңіс күніне арналған көптеген шараларға қатыстық.

Жеңіс жауынгерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Алпыс бес жылдық мерейтойға орай 15 солтүстікқазақстандық “Құрмет” орденімен марапатталған болатын. Олардың қатарында Алексей Решетняк та бар. Жоғары мемлекеттік марапатты ардагерге облыс әкімі Серік Біләлов үйіне келіп табыс етті