МТРА жаңалықтары

Ардагердің жаңа жыр жинағы

 


Энгельс Андронов Ұлы Отан соғысы кезінде қолына қару ұстаса, бейбіт заманда оны қаламға ауыстырды. Жас сарбаз  майданда да өзі куә болған оқиғаларын қағаз бетіне түсіріп жүрген. Сексеннің сеңгіріне шыққан қария әлі де  әуестігінен жаңылмай, шабыт іздеп, өлең ұйқастырып жүр. 
Энгельс Андронов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
– Жастарға айтарым: ауыр кезеңді бастан кешкен аға буын өкілдерін ұмытпаңдар, әсіресе жеңіске жетелеген ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін үлгі тұтып, құрмет көрсетіңдер. Менің жырларым осыны көздейді.

Майдангер кітабының  тұсау кесеріне жастар көптеп жиналды. Бүгінгі ұрпақ майдангер-ақынның танымдық-тәрбиелік маңызы зор шумақтарын оқып, еріксіз тарихқа үңілетіндерін айтады.

Бауыржан Қожабаев, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:
-Біз  курсанттар Энгельс Романовичтің өлеңдерін  оқыдық. Біз онымен әрдайым қарым-қатынастамыз.  Әскери институтқа келіп, өзінің естеліктерін айтып жатады. Ардагерлерден патриоттыққа үйренуіміз керек.

Бұл ержүрек жауынгер, ұлағатты ұстаз, өңірімізге танымал ақынның Ұлы Жеңіске арналған 9-шы өлеңдер жинағы. 1000 данамен Алматы баспасынан шыққан 140 беттік жыр кітабына Энгельс Романовичтің  соғыс тақырыбындағы өлеңдері енгізілген.