МТРА жаңалықтары

Дзюдошылар сайысы

 

Дзюдошылар боз кілемде 9 салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жарысқа қатысушылар 12 мен 14 жас аралығындағы жеткіншектер.


Асылбек Тоқбаев,  қалалық дене тәрбиесі мен спорт бөлімінің бастығы:
-Бұл іріктеу жарысы. Бұл сайысты біз бекер ұйымдастырып отырған жоқпыз. Мақсатымыз -облысымызда дзюдоны дамыту.

Жарыс алаңындағы жасөспірімдердің біразы  тәжірибе жинақтап үлгерген дзюдошылар. Мәселен, 12 жасар Ақбота Қарымсақов күрестің бұл түрімен 6 жыл қатарымен шұғылданып келеді. Алғашқы   кездесуде  Ақбота 10/0 есебімен  жеңіп, келесі айналымға өтті.

Ақбота Қарымсақов,  жарысқа қатысушы:
-Мен дзюдомен айналысқалы күміс пен қола алқалар тағындым.
Бұл спорт түрі өзіме өте жақын. Болашақта ел деңгейінде танымал спорт шебері болғым келеді.

Айта кету керек, айдың соңында Республика
деңгейінде өтетін сайысқа барғысы келетіндер көп.   Осы жолғы шығыс жекпе-жегінің қорытындысы бойынша келесі турға 10 спортшы жолдама алды. Қазақстан чемпионаты Семей қаласында мамырдың 21 мен 23  аралығында өтеді.