МТРА жаңалықтары

Ұлы Жеңіс құрметіне отшашу болады

 

 

 9 мамырда таңғы сағат 10-да Театр алаңындағы Мәңгілік алау мемориалында Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді. Сондай-ақ   қала кәсіпорындары мен ұйымдары өкілдерінің  мерекелік шеруі және сап түзеген әскерилердің маршы болады. Ал кешкі сағат 20.00-де  “Қарасай” спорт кешенінде өнер ұжымдарының қатысуымен театрландырылған  қойылым  басталады. Бағдарлама мерекелік отшашуға ұласпақ.