МТРА жаңалықтары

Банкирлер – ардагерлерге

 

 

Солардың бірі – Петр Гноевых майданға 1942 жылы шақырылыпты.  3-ші гвардиялық десант батальоны құрамында Сталинградты қорғауға, Курск иініндегі шайқастарға қатысқан. Ауыр жараланып,  госпитальдан шыққаннан кейін әскери қызметті тылда жалғастырған. Облыстық әскери комиссар қызметінен зейнет демалысына шықтым дейді ардагер.  Альянс банктің салымшысы ретінде бүгін ардагерге банкирлер құрмет көрсетіп, Жеңіс мерейтойымен құттықтады.  Альянс банк қызметкерлері барлығы 37 ардагердің үйлеріне барып шықпақшы. Бұл салымшылар жыл бойы коммуналдық қызметтер ақысын осы банк арқылы тегін төлей алатын болады, майдангер-салымшыларға басқа да жеңілдіктер қарастырылған.