МТРА жаңалықтары

Жеңіс мерейтойына арналған жаңа қойылым

 

 
Қару асынып, саппен кеткен жауынгер, баласын қимай еңіреген аяулы ана, асыл жар – одан кейінгісі қантөгіс, сұрапыл, тылдағы еңбек.
Бір сағаттық театрландырылған қойылымнан барлығын көресіз. Көңілге үміт ұялатқан солдат хаты, жанға медеу болар соғыс әні. Қол бастаған Бауыржан Момышұлы, жауға кеудесін тосқан Төлеген, 18-де қаза тапқан Әлия – ерліктері ел есіндегі батырлар. Күйзеліс, күйініш, елге, туған-туысқа деген сағыныш. Сахнада әртіс, залда көрермен көзге ерік береді.
Жау жеңілді, біз жеңдік. Жеңіс әні- риза болған көрермендер.
“Жеңістің жалынды жалауы” спектаклінің қоюшылары театр режиссерлері Батырбек Шамбетов пен Біржан Жалғасбаев. Талай қойылымды көрерменге ұсынып жүрген әртістер үшін бұл соғысты сахналау
дың өзіндік қиындықтары болыпты.

 
Болат Мамытбеков, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының әртісі:

-Қан төгісті сахнада көркем түрде жеткіздік. Сол батырларға бір сәт болсын құрмет көрсеттік. Ал соғысты көрсету мүмкін емес.

Бұдан кейін театр алаңында ардагерлер үшін дастар
қан жайылды. Әртістер солдат ботқасын тасып, тік тұрып қызмет көрсетті.


Біржан Жалғасбаев,  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:

-Әр атқан таң, батқан күнде  сол кезде   ата-ана, бауыр үшін бейбіт өмірді тілеп, қан төккен бабаларымыз. Осы құбылысты сахнадан көрсету бізге қиын соқты. Біздің ұрпағымыз мұндай сұмдықты көрмесін.

Бір өкініштісі, денсаулықтары сыр берген соғыс ардагерлерінің дені қойылымға келе алмады. Бірақ жеңісті еңбегімен жақындатқан тыл еңбеккерлері қазақ театрының ұжымы жайған дастарқаннан дәм татты. Қариялар тыныш күндегі бейбіт өмірге жетер қуаныш жоқ дейді. Сәскеге дейін театр маңындағы мереке тарқамады. Әртістер мен ардагерлер би билеп, әңгіме  айтып, шерлерін тарқатып жатты. Ашық аспанға әсем ән- жеңіс жыры әуеледі.