МТРА жаңалықтары

Кенелер шабуылы

 

 

 

Көктем шыға кене де бас көтереді. Әсіресе орманды алқаптар, ағаш арасы адамдарға үлкен қауіп тудырады. Санитар дәрігерлер өткен жылы осы уақытта емдеу мекемелеріне кенеден зардап шеккен 60 адамның көмек сұрап келгенін айтады. Биылғы жағдай үш адамға ғана аз. Бір қызығы, қан сорғыштан негізінен облыс орталығының тұрғындары зардап шегіпті. Алайда қауіпті саналатын жұқпалы аурулар тіркелмеді.

Людмила Савенкова, СҚО бойынша СЭҚДК бас маманы:
Ауру жұқтыру мүмкін. Бірақ қуанышқа орай, біздің өңірде адам өміріне қауіпті кене энцефалиті тіркелген жоқ. Бірақ облыс орталығынан  тыс жерлерде кене шақса, ол ауру жұғуы мүмкін.


Санитар мамандар “ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”деп азаматтар көп қыдыратын көгалдарды дәрілеуде. Олардың қатарында Жеңіс саябағы,
Шығыс поселкесі мен Мещан орманы бар. Сондай-ақ, демалыс және мәдениет саябағы да мамандардың бақылауына алынды. Сондықтан қала аумағы қазір кенелерден залалсыздандырылған деуге болады.

 

Людмила Савенкова, СҚО бойынша СЭҚДК бас маманы:
– Біздің атқарып жатқанымыз қоғамдық орындардағы алдын алу шаралары ғана.
Саябақтарымыз бен қала орталығындағы көгалдар дәріленген. Бірақ  орман-тоғайларды біз залалсыздандырған жоқпыз. Сондықтан бұл жерлерде әркім өз шамасы келгенше кенеден қорғануы тиіс.


Алда-жалда кене шақса, бірден медицина қызметкеріне көрінгеніңіз жөн. Сонымен қатар табиғат аясына шығарда денені  толық жауып тұратын киім киген артық етпейді.