МТРА жаңалықтары

Алаяқтың үйінен заңсыз қару табылды

 

 


Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Апиакт” өндірістік кооперативі мен “Импек Трейд маркет” серіктестігінің директоры Михеенко  екінші деңгейдегі банктің бірін миллиондаған теңгеге сан соқтырып кеткен екен.  Кәсіпкер сатып алмақшы болған автокөлікті кепілдікке қойып, басқа біреулердің атынан бірнеше рет несие алыпты. Қазіргі таңда Михеенко мырзаға 600 миллион теңгені заңсыз түрде иемденді деген ресми айып тағылып, қалалық соттың шешіміне сәйкес   қамауға алынды. Сондай-ақ  қаржы полицейлері оның пәтерін тінту барысында бірнеше   қару мен оқ-дәрілер тауып алды. Сөйтіп, қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша екінші қылмыстық іс қозғалды.