МТРА жаңалықтары

Кикбоксингтен ел чемпионаты аяқталды

Турнир 18 құраманы жиды. Барлығы 12 салмақта 75 кикбоксшы күш таластырды.

Мықтылардың тартысында жеңіс ауадай қажет. Себебі жеңімпаздарға

 

 Ұлттық құраманың сапынан орын сайланып қойылған. Көшбасшылар сайыстың үшінші күнінде белгілі болды.

Ербол Исатаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі:
Алда 3 команда келе жатыр. Оның біреуі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  құрамасы.

Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Семей және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттарының  құрамалары бөлісті. Жеңіс тұғырының екінші сатысына әскери институт командасы тұрақтады. Бірінші орынды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  құрамасы жеңіп алды.