МТРА жаңалықтары

Жеңіске шашу

 

 

 

 
Сахнадан соғыс жылдарындағы әуендер шырқалып жатыр. Олар отан қорғаушылардың ерліктері жайында.
Қазақтың батыр қызы “Әлияға” арналған ән жиылғандардың көзіне жас алғызды. Ал ұрыс даласындағы оқиғалардан көрсетілген үзінділер үлкен мен кішіге ой салғандай. Соғысқа әкесі мен ағасын аттандырып, тылда еңбек еткен Зә
йни Нұртазина бұл қойылымдарды үлкен тебіреніспен қабыл алды.

Зәйни Нұртазина,  еңбек ардагері:
65 жылдықты тойлап жатырмыз. Тыл еңбеккерлерін бағалап жатқан жастарға көп рақмет. Мектеп жабылып, масақ теріп, мал бағып, елге көмектестік.

Осы концертте қалалық
 көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары анықталды. Өнер бәйгесіне 47 мектеп пен балабақша ұжымы қатысты. 21 орта мектептің өнерлі жастары бас жүлдені жеңіп алды.  Бірінші орынды10 мектеп еншіледі. Ал мектепке дейінгі білім беру ошақтары арасында “Балдауреннің” бүлдіршіндері мен тәрбие берушілерінің шоқтығы биік болды.

Базар Әлтиева, “Балдаурен” балабақшасының әдіскері:
 І орынды жеңіп алғанымызға қуаныштымыз. Балабақшаға 1,5 жыл ғана болса да, біздің жеткіншектер, ұстаздар жақсы өнер көрсетті.

Үздік би жұптары, мәнерлеп оқу шеберлері мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтарға ие болды.