МТРА жаңалықтары

Болашақ сарбаздар жиыны

 

 

 

 

 Бүгінгі мектеп оқушылары – ертеңгі жас сарбаздар. Бүгін олар әскери даярлықтарын көрсетеді. Әскери-патриоттық слетке10 ауданның командасы қатысты. Мұндай сайыс екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Болашақта дәстүрге айналады дейді мұндағылар. Биылғы шара Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған.

Бауыржан Досжанов,  ПӘИ Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасының бастығы:
Мақсатымыз – жастарды қарулы күштерге даярлау, әскери тәртіпке және қаруларды қолдануды үйрету. Жыл сайын жастардың әскери даярлығы жақсарып келеді.

Автоматты бөлшектеп жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру – мұндай сындардан барлық 60-тан астам сайыскер өтуі тиіс. Нұржан Исмағанбетов әскери сайысқа алғаш рет қатысып отыр. «Бұл іспеттес жиынның маңызы зор. Өйткені мұндай дода біз сияқты жастарға әскери-патриоттық тәрбие береді», – дейді ол.

Нұржан Исмағанбетов, әскери сайысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:
Алғашқы әскери даярлық пәнін оқытатын оқытушымыз бізге жақсы тәрбие береді. Болашақта әскери борышымызды абыроймен өтеу үшін жақсы дайындықтар жүргізеді. Біздің бойымызда әскери-патриоттық сезімді ұялатады.

Сайысқа қатысушылар Петропавл әскери институтының мұражайын аралап, курсанттардың тыныс-тіршілігімен танысады.