МТРА жаңалықтары

Мерейтой

 

Михаил Покрасты өнер сүйер қауым біле бермейді. Өйткені оның міндеті – театр қойылымдарын безендіру. Ол орыс драма театрындағы еңбек жолын 70-ші жылы бастаған. Бірақ көрермен алдына бүгін алғаш рет шығып, сахна төрінен көрінді. Мәдениет басқармасының бастығы Дидар Малаев сахна шеберінің көп жылғы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.  Ұлы Жеңістің құрдасы өз мерейтойын әріптестерінің ортасында қарсы алды. Талай қойылымды сәтті безендірген Михаил Покрас әріптестерін әлі де талай айшықты декорация, костюмдерімен қуантпақ.  

Михаил Покрас, Н.Погодин атындағы облыстық драма театры қойылым бөлімінің меңгерушісі:
-Бұл кәсіп өте жауапты. Себебі костюм тігу, безендіру мен қойылымның техникалық жағы менің мойнымда.
9-10 ға жуық цехымыз бар. Сонда суретшілермен бірге талмай еңбек етеміз.