МТРА жаңалықтары

Логопедтер семинары

 Елена Петрованың еңбек өтілі екі жыл. Ол өз сабағын ойын түрінде өткізеді.   Инновациялық технологияларды қолданады. Мәселен, логопедтік компьютерлік ойын балалардың үлкен қызығушылығына ие. Бұл әдіс бүлдіршіндердің сабаққа деген ынтасын арттырады екен. Ойын арқылы тәрбиеленушілер дұрыс тыныс алуға, дыбыстарды анық шығаруға, сөздерді бөліп айтуға жаттығады.

 

Елена Петрова, логопед-мұғалім:
-Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырудың маңызы үлкен.
Бұл ретте жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Әсіресе балалармен жұмыс істегенде ойын арқылы үйрету тиімді.


Ойын түрінде өтетін сабақ бүлдіршіндердің көңілінен шығады.

Оқушылар:

Маған сабақ ұнайды. Біз өлең оқимыз, ән айтамыз, билейміз.
Біз сабақта түрлі ойындар ойнаймыз. Маған сабаққа келген ұнайды. Қызықты өтеді.

Пайдалануға берілгеніне екі жыл болған “Болашақ” балабақшасында 3 логопедтік топ құрылған. Сабақты 3 логопед пен 3 педагог-дефектолог жүргізеді. Бүлдіршіндердің тілін түзеуде түрлі әдістемелер қолданылады. Логопед
пен психолог тығыз қарым-қатынаста.Сондай-ақ ата-аналармен бірлесе әрекет жасаудың да маңызы үлкен деген пікірде педагогтар.

Галина Порохина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ психология кафедрасының аға оқытушысы:
Заман талабына сай сабақта инновациялық технологияларды қолданған жөн. Бүгінгі семинарда көрсетілген
әдістеме өте тиімді болып табылады. Сондай-ақ психолог маманмен, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің маңызы зор.

Семинар соңында қонақтарға балабақша тәрбиеленушілері жасаған сыйлық
тар табыс етілді.