МТРА жаңалықтары

Қаржыландырудағы кемшіліктер кедергі болуда.

 

Ел көлемінде барлығы 237 инновациялық жоба қолға алынған. Олардың орындалуы ойдағыдай. Дегенмен кемшіліктер де   жоқ емес. Мәселен,  солтүстікқазақстандық Баско” компаниясының ет комбинатын толық іске қосу үшін қаржыландыру мәселесі кедергі болып отыр.

 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-БТА банкінен “Казинвест банкінің” қарамағына өтіп жатыр, ақша бөлу жөнінде несие комитетінің шешімі бар.
Ал орындалу жағы ақсап тұр. “Басконың” басшылығы өз тарапынан қолынан келгенін істеді. Енді “Самұрық Қ
азына” ұлттық компаниясы осы жұмысты жеделдетсе екен.

Отырыста табиғат пайдаланушы компаниялардың жұмысы да талқыға түсті. Олар барлау мен өндіру көлемін уақытында орындамаса, келісімді ойланбастан бұзамыз деп атап өтті Өмірзақ Шүкеев.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Біздің облыста табиғат пайдаланушылармен 56 келісім жасалған. 10 ескерту жіберілді,6 дайындалуда, ал төртеуі бойынша кемшілік жойылды.


Жобаларды орындау барысында туындаған кемшілік атаулының барлығы жуық арада жойылуы тиіс,- деді кеңесті қорытындылаған вице-премьер.