МТРА жаңалықтары

Әскери әндер фестивалі

 


1-ші қалалық жалпы білім беру лицейінің оқушысы Гүлмира Садырованың атасы Жаңбыр Күрменбайұлы- ҰОС ардагері. Қанды шайқастардың куәгері немересіне жиі естелік айтады екен.Бейбіт күннің оңай келмегенін, соғыстың қаншалықты ауыр болғанын  түсініп өскен Гүлмира сыныптастарымен бірге игі шарадан шет қалмады.

Гүлмира Садырова, 1-ші қалалық жалпы білім беру лицейінің оқушысы:
-Бүгінгі біздің әндеріміз ардагерлерге арналады. Оларға мың да бір алғысымызды білдіріп, зор денсаулық тілейміз. Ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Ұлы Жеңіске 65 жыл толды, алайда соғыс әндері әлі де маңызын жойған жоқ. Бейбіт аспан астындағы сахнадан әскери әндер шырқалды. Мерекелік кеш қонақтарының  алдыңғы қатарында  – мәңгі өлмес “Смуглянка”, “День победы”, “Катюша” әндерімен өскен тыл еңбеккерлері.
Құрметті қонақтар кейінгі буынның ілтипатына риза.

Надежда Обелец, тыл еңбеккері:
Мен үшін балалардың арасында болу үлкен қуаныш. Өзім 47 жыл бойы білім саласында еңбек еттім. Жастардың сергектігі мен жігері бізге күш беріп, ауырғаныңды ұмытып кетесің. Біз үшін бұл баға жетпес сыйлық, бақыт.  

 


Осылайша ардагерлерді бір қуантып,  әскери-патриоттық әндер фестивалінің ұйымдастырушылары көздегендеріне жетті.