МТРА жаңалықтары

Ұлы Жылдарға тағзым

 

“Сол Ұлы Жылдарға тағзым етейік” байқауы Алматы қаласындағы “Тұран” университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ұрпақ тәрбиесінде тағлымы мол шара сәуірдің 21-і мен 22-сі аралығында өткен болатын. Ал майдангерлер оқушылардың ҰОС туралы білімдеріне әділ бағасын беріп, өз шешімдерін Алматы қаласындағы ЖОО жолдаған. Жеңімпаздар интернет арқылы анықталды.

Сапар Дүйсенов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Жастар Отанымыздың келешегі. Олардың білімді болғаны керек. Ата-бабамыздың сөзі бар ғой, білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар деген.

 

Сайысқа еліміздің 7 қаласының жеткіншектері қатысты. Байқауда жерлестеріміздің жұлдызы жанды. Қалалық классикалық гимназия мен 2 орта мектеп оқушылары бірінші орынды еншілеген.     

 Оқушылар:
– Біз өз батырларымызды білуіміз керек. Себебі бейбіт аспанды сыйлаған осы ардагерлер.
-Осы бейбітшілікті әперген майдангерлерге өзіміздің зор алғысымызды білдіреміз. Ардагерлер ұзақ жасасын.


Оқушылар бұл сында соғыс жайлы білімдерін толықтырғандарын айтады.


Медеу Көпешов, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:
– Жарыс өте тартысты өтті.
Команда көп болды. Қызықты. Бізде еш өкініш жоқ.


 Байқауға қатысқан жастардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оқушылардың барлығы дипломмен марапатталды.