МТРА жаңалықтары

Еңбек қорғау айлығы аяқталды

 

 Қол астындағы еңбек адамының қамын жейтін басшылар айлық аясында анықталды. Өндірістегі жазатайым оқиғалар азаяр емес. Өткен жылы 79 адам жұмыста қайғылы жағдайға ұшырап, 11-і көз жұмған. Еңбек инспекторлары жүргізген тексерістер барысында еңбек заңдылығы бұзылуының 6000 фактісі тіркелген. 507 тұлға жауапқа тартылып, он алты жарым миллион теңгенің айыппұлы салынды. Мамандар еңбек адамын қорғауға бағытталған айлықтың пайдасы зор дейді.

Ғалымбек Ғайсин, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары:

-Бүгінде нарық жағдайы ма, дағдарыс болсын,  жалақыны уақтылы төлемеу, техника қауіпсіздігін сақтамау – мұның өзі үлкен шығынға әкеліп соғады. Кісі өлсе төлем төлеу керек, техника сынса, бірнеше есе болады.Сондықтан алдын алуымыз керек.

Ал еңбек қауіпсіздігін толық қамтамасыз еткен кәсіпорын басшылары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
 “Молсервис” ЖАҚ директоры Сергей Чепуркоға департамент директорының алғыс хаты табыс етілді.

Сергей Чепурко, “Молсервис” ЖАҚ директоры:

Кәсіпорында медициналық пункт, сауна, демалыс бөлмесі бар. Жұмысшыларды жұмысқа әкеліп, тарату тегін. Жалақы уақтылы төленеді.


Дүниежүзілік еңбек қорғау күні – жұмыс берушіге жауапкершіліктерін еске салатын, қоғам назарын аударатын уақыт. Жұмысшы құқығы әрқашан сақталып, қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінуі керек дейді еңбек инспекторлары.