МТРА жаңалықтары

Жаңа көрме

 

Григорий Кайдаш түрлі жанрда жұмыс істеген. Атап айтсақ, ол натюрморт, пейзаж, портреттер жазды.
Қылқалам шебері 1928 жылы Украинада туды.
Шығармашылық жолын 52-ші жылы  бастады. Оның картиналары Ресей, АҚШ, Канада, Финляндия, Чехия, Германия және тағы басқа елдерде көрмелерге қойылды.
 

Вера Кайдаш-Горелова, суретшінің жары:
– Григорий табиғат тақырыбында сурет салуды өте ұнатты. Ол тікұшақтың ішінен де, боранды күнде де пейзаждар жазатын. Жұбайым “
Мен табиғатты, құрылысты, өмірді сүйемін” дейтін.  Мен оның алғашқы көрермені болатынмын.

Григорий Кайдаш Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші, монументалист. Оның жетістіктері туралы көп айта беруге болады. Суретші өз кәсібін жетік білген.

Жамбыл Қалиев, суретшінің досы:
Суретшімен 70-80 жылдары танысқанмын.Мен Сергеевкадан Петропавлға ылғи келіп тұратынмын. Сапар сайын оның шеберханасына барып,
сәлем беретінмін. Ол да менің ауылыма жиі келетін. Бірге табиғатқа шығып, сурет салатынбыз.

Григорий Кайдаш осыдан 5 жыл бұрын дүние салды.  Оның еңбектері туған-туыстарын, жора-жолдастарын, өнерсүйер қауымды әрдайым қуантады.