МТРА жаңалықтары

Мұражайдағы дәріс

 

Бүгін мұражай қызметкерлерінің қонағы – қазақ халқының біртуар ұлы Қожаберген жыраудың есімін иеленіп жүрген алтыншы мектептің оқушылары. Әңгіме «Батырлар есімі ешқашан өшпейді» деген тақырыпта өрбіді. Халқымыздың ержүрек батырлары – Қарасай, Ағынтай, Райымбек, Наурызбай, Қабанбай мен Бөгенбай жөніндегі қызықты дәрісті оқушылар барынша ұйып тыңдады. Ұлы Отан соғысы жылдары елімізді жаудан қорғап қалған қаһармандардың ерліктері кейінгі буынға үлгі. Қызылжар өңірінің де есімі ел есінде қалған батырлары бар. Кейінгі толқын Кеңес Одағының батыры атағын алған 53жерлесімізді білуі тиіс.  Бұндай шараны Абылай хан резиденциясының қызметкерлері оқушылар мен студенттер үшін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында ұйымдастырып отыр. Мамырдың тоғызы күні мұражай қызметкерлері ашық есік күнін өткізбек. Абылай хан резиденциясын облыс тұрғындары тегін тамашалай алады