МТРА жаңалықтары

Әлімжеттік жасап, қолға түсті.

 

 

13 жасар досымен скейтборд теуіп жүрген жәбірленуші аяқ астынан ұялы телефонынан айырылып қаламын деп ойламаса керек. Бірақ  еш кідірместен тәртіп сақшыларына телефон шалған балалар қылмыскердің жолын кесті.

Жәбірленуші:
-Телефонымды қайтар дегенімде, ол маған ұрамын да  кетіп қаламын деді.


Тонау туралы хабарды қабылдаған оператор бірден қылмыс жасалған ауданға жедел топты және сол жерге жақын жүрген жаяу патрульді жіберді. Бірнеше минуттардан кейін күдікті қолға түсті. Балалар телефонды тартып әкеткен жігітті жазбай таныды. Қалтасынан жасөспірімнің қымбат ұялы телефоны табылса да, 19 жасар тонаушы қылмысын мойындаудан бас тартты.


Күдікті:
-Маған оны екі күнге ұстай тұруға берді.


Полицейлер оқушылардың сасқалақтамай, бірден тәртіп сақшыларына хабарлағандарын құптайды. Оған қоса тонаушының түр-түсін, киімін естерінде сақтап қалыпты. Әрі 102 операторының нұсқауларын толығымен орындап отырған. Айта кету керек, жәбірленушінің досы Ғабиден Сәрсенов өз мектебіндегі жас полицейлер отрядының мүшесі екен. Енді  Петропавл қалалық ІІБ басшылығы жас полицейді марапаттауды жоспарлап отыр.