МТРА жаңалықтары

Лагерьдегі өрт

 

 

Таңғы сағат 10:50 -де кезекшілік бөлімге «Аққайың» демалыс лагерінің аумағы отқа оранды деген дабыл түсті. Оқиға орнына құтқарушылар лезде жетті. Өртті сөндіруге 3 техника мен 20 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау 300 сотық жерге залал келтіріпті. Мамандардың айтуынша, мұнда дәнекерлеу жұмыстары жүргізілгенде өрт қауіпсіздігі техникасы сақталмаған. Жұмысшылар дәнекерлеу жұмыстарын аяқтап, кетіп қалған екен. Ал от аз уақытта «Аққайың» лагерінің аумағынан шығып кетті.

Тимофей Боярский, орманшы-қорықшы:
– Кеше ғана мұндай жұмысты жүргізбесін деп ескерттік.
Бүгін таңертең олар дәнекерлеумен айналыспаймыз деп уәде етті. Алайда бір сағаттан кейін орманды пайдаланушылардың кінәсінен өрт шықты.

Орманшылар мен өрт сөндірушілердің бірлескен іс-қимылдарының арқасында от одан әрі тарап кетпеді.

Ербол Бапашев, «Қызылжар орман мекемесі» ММ орман қорғау инженері:
– Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылады деп ойлаймын. Қазір біз демалушылардың «
Қарғалы аралы» демалыс аймағына келуіне шектеу қоямыз.

Орманшылардың ескертуіне немқұрай қараған
днекерлеушілер қауіпсіздік шараларын сақтадық деп ақталды.  

Дәнекерлеушілер:
– Біз екі темірді дәнекерлегішпен қиып, үстіне су құйдық. Жұмысымызды аяқтаған соң, кетіп қалдық. Бір мезетте қарасақ, от пайда болған екен. Отты ауыздықтауға үлгермей қалдық.

Орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағаттың ішінде ауыздықтады. Тәртіп сақшылары қазір заң бұзушыларға қатысты тиісті материалдар жинап,  келтірілген шығынның көлемі есептеліп жатыр.