МТРА жаңалықтары

Үшінші сенбілік

 

Ұлы Жеңістің 65  жылдық мерейтойына санаулы күндер қалды. Сондықтан бұл саябақты көріктендіруге сенбілікте 400-дей адам жұмылдырылып, мұнда 48 қарағай мен 112 қайың отырғызылды.

Боташ Хайнетов, қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:
Сенбілікте СҚМУ, теміржол және педагогика  колледждерінің  200 студенті, облыстық басқармалар мен қалалық әкімдіктің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бұл сенбілікке Ресей жинақ банкінің қызметкерлері де атсалысты. Олар аллея бойына жасыл желектер отырғызды.

Сандия Кравчук, “Ресей жинақ банкі” АҚ еншілес банкі қалалық филиалының қызметкері:
Біз де сенбілікке атсалысып, ағаш отырғызып отырмыз.Бұл игі ісімізді Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арнап, бар күшімізді салып отырмыз.

Жеңіс саябағын қалпына келтіріп жатқан  мердігерлер де қарқынды жұмыс істеуде. Атап айту керек, Жеңіс саябағын жаңғыртуға 18 млн. теңге жиналды. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, бұл жұмысты аяқтау үшін әлі де 8 млн. жетіспейді. Жалпықалалық сенбілік облыс орталығының барлық аумағын қамтыды. Оған 1250 ұжым атсалысып, 20 техника жұмылдырылды. “Жас ұрпақ” жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері тарихи ескерткіштердің маңайын тазалады.

Айзада Тасболатова, “Жас ұрпақ” жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
Біз жас ұрпақпыз. Сенбілікке шығып, қаланы таза ұстауға көмектесу, ардагерлерге құрмет көрсету-біздің міндетіміз

Кәсіпорындар қызметкерлері өздеріне тиесілі аумақтарды қоқыстан арылтты. Қала тұрғындары да өз аулаларын тәртіпке келтірді.