МТРА жаңалықтары

Оралмандарды қабылдау бағдарламасы

 

 

 
“Нұрлы көш” бағдарламасы өткен жылы Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тәжірибеден өтті.
Енді үстіміздегі жылы олардың қатарына Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан өңірлері қосылып отыр. 2010 жылы қандастарымызды көшіріп алу бойынша өңірімізде серпінді жоба жүзеге аспақ. Бағдарлама бойынша алғашқыда оралмандарды 20 елді мекенге қоныстандыру жоспарланған болатын. Енді олар тек Бәйтерек ауылына орналастырылады. Үстіміздегі осы елді мекенге
140 отбасы көшірілмек.

Нұрлан Рамазанов, көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің директоры:
Бағдарлама аясында шеттен келгендерге баспана алуға жеңілдетілген несие қарастырылған. Үстемеақы 4,5 пайыз. Сондай-ақ өз шаруашылықтарын жүргізу үшін әр отбасыға 2 гектар жер телімі де беріледі.


Жұмысқа орналастыру жағы да ескерілген. Арнайы курстарда жаңа мамандық алып шығуға мүмкіндік
бар. Бүгінде Қызылжар ауданында жұмыс берушілермен келісімшарттар жасалып жатыр. Отырыста депутаттар құжаттың жаңа нұсқасын бекітті. Күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе – Тимирязев ауданына жерлес жазушы Сәбит Мұқановтың есімін беру. Еліміздің бір топ қайраткерлері Елбасына осындай ұсыныспен шыққан болатын.  Қаламгер туған ауданға оның есімін беруді қалың көпшілік қолдап отыр. Өз кезегінде депутаттар да бұл игі іске үн қосты.  Құжаттар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді. Кейін Елбасының алдына барады. Сессияға қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов ағымдағы мәселелерге тоқталды. Көктемгі егісті тиісті деңгейде өткізу қажет. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына барынша қамданған жөн. “Жол картасын” жүзеге асыруда олқылықтарға жол берілмеуі тиіс.