МТРА жаңалықтары

“Нұр Отандағы” қоғамдық қабылдау

 

 

Өңіріміздің 7 тұрғынынан түскен сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, Ұлы Отан соғысының ардагеріне көмек көрсету жөнінде болды. Ардагер Николай Тихонович Черептің денсаулығы нашар. Жүруге әлі жоқ. Сол себепті соғыс мүгедегі өңір басшысынан автокөлікпен қамтамасыз етуді өтінді.  Николай Тихоновичке темір тұлпардың кілті Ұлы Жеңістің 65 жылдық меретойы қарсаңында тапсырылатын болды. Сондай-ақ солтүстікқазақстандықтар үйлерін орталық жылу желісіне қосу туралы өтініш білдірді. Өңір басшысы барлық өтініштерді тыңдап, оларға болашақта тиянақты жауап берілетінін айтты.