МТРА жаңалықтары

Мемориалдық кешендер тәртіпке келтірілуде.

 

 

1941-1944 жылдары Петропавлдың әскери госпиталінде өмірден озған жауынгерлердің барлығы бәр зиратқа жерленген болатын.  Ескерткіштер 1957 жылы қойылған, ал тақталарда майдангерлердің есімдері жазылған. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мемориалдық кешен қалпына келтірілуде.

Мүкәрам Тайжанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие ісі жөніндегі проректор:
-Соғыс ардагерлері ескерткіштерінің маңын жинап жатырмыз.
Біздің жастар қатысуда. 40 адам келді. Тазартып жатыр. Бұл жастарға рухани тәрбие береді.

Студентт
ік құрылыс жасағы мұндай акцияға жиі қатысады. Жастардың айтуынша ата-баба рухына бас иіп, еске алу олардың басты парызы.

Жәнібек Әлкин, студенттік құрылыс жасағының жетекшісі:
Құрылыс жасақтары мерекелік акцияға қатысуда. Жастар ата-бабаларына құрмет ретінде
белсенді атсалысуда.

СҚМУ студенттері
ел тәуелсіздігін қорғап қалған ардагерлердің ерлігін жоғары бағалайды. Сондықтан акцияға білек сыбанып атсалысуда.

 Жастар:
-Біз ҰОС ардагерлерін әрдайым еске алып отырамыз, себебі олар ұлы жеңіске өз үлесін қосты.
-Бастарынан талай қиындықты кешкен ата-бабамыз бізге бейбіт өмір сыйлады, ендеше абзал ағаларымызды еске алып отыру – біздің басты міндетіміз.