МТРА жаңалықтары

Ардагерлерге құрмет көрсетілуде

 

 Кеудесі орден-медальдарға толы Ақтай Кәкеновтің өмірі  ұрпаққа үлгі. Ол жау әскерін қуып, Берлинге дейін жеткен. Сондықтан аға сержант  “Берлинді алғаны үшін  медалімен марапатталған. Қария ардагерлердің бейбітшілікке қосқан үлесін кейінгі ұрпақ білуі керек, мұның маңызы зор дейді..

Ақтай Кәкенов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-№26 мектепке жиі келемін. Қарияларды қолдап, шақырып, рақмет айтып жатқандарына үлкен алғысымды білдіремін.


Тыл еңбеккерлері Евдокия Финотова мен Варвара Брюхова зұлмат жылдар мәңгі есімізде дейді. Тыл тауқыметін тартқан екі қыз жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.

Евдокия Финотова, тыл еңбеккері:

-Өте қиын болды, мен 14 жаста болатынмын, соғыс оты тұтанғанда, таңның атысы, күннің батысы талмай егін алқабында жұмыс істедік.


Варвара Брюхова,тыл еңбеккері:

-Соғыс жылдары уақыттың қалай тез өтетінін білмейтінбіз, жұмысқа берілетінбіз, енді еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз.

Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған кешке ұстаздар  өздері де белсене араласып, қойылымға қатысты, би билеп, ән шырқады.

Дариға Әбішева,  №26 орта мектептің психологы:

-Біздің оқушылар ел қорғайтын азаматтар болады деп ойлаймын. Біз билеген би педагогтар ұжымынан майдангерлерге деген құрмет.

Отанына бейбіт аспан сыйлаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне деген алғыстарын білдірген шәкірттер  соғыс жылдарындағы әндерді орындап, қарияларға гүл шоқтарын сыйлады. 
 

Ал мәдениет басқармасы бір кездері осы  салада қызмет  еткен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті. 24  зейнеткер Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерейтойлық медальға ие болды.  
  

Бұрынғы кітапханашы,  әртіс, әнші, киномеханиктерді  марапаттау рәсімі әзіл-қалжың, ән-күймен астаса  өтті. Солардың бірі – Петр Галицкий  өскелең ұрпақ соғыстың қаншалықты сұрапыл болғанын білуі тиіс, алайда енді басқа бермесін деді. Ал Василий Карпов марапаттау рәсімінде ақындығымен танылды.  Мария Шипптің марапаттар қоры да енді “Ұлы Жеңіске  – 65 жыл” медалімен толықты. “Киновидеопрокатта” 40 жыл еңбек еткен Мария Архиповна Ұлы Отан соғысы басталғанда 15-те ғана болыпты.

Мария Шипп, тыл еңбеккері:
-Мен соғыс кезінде өгіз жегіп, масақ жинадым. Жұмыс ауыр болды. Үйге келген кезде суықтан қол-аяғымды мүлдем сезбейтінмін.

10 шақты ардагер денсаулықтарына байланысты үйінен шыға алмайды. Оларға мәдениет басқармасының басшылығы медальды өздері әкеліп табыс етпек.