МТРА жаңалықтары

Жол жөнделуде

Автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі биылғы жылы да байқауларды ерте өткізіп, жаз шыға жұмысқа кірісетін компанияны анықтап қойған. Биыл жолдарды жөндеп, ұстауға 300 миллион теңге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл салаға құйылған қаражат 50 млн теңгеге артық. Осы маусымда 27 мың шаршы метр жолда шұңқырлар бітелуі керек. Бүгінде Осипенко өткелі мен Набережный көшесінде шаруа қызған. Жұмысты “Коммунстройсервис” ЖШС қолға алған.


Александр Романов, «Коммунстройсервис» ЖШС директоры:

130дан астам адам жұмыс істейтін болады. Техника жеткілікті, материал бар, асфальт зауыты үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Шұңқырларды тегістеумен қатар жақында облыс орталығының Бензострой, Жұмысшы
поселкесі сияқты шеткі аудандарына қиыршық тас төсеу басталады. Сондай-ақ байқау өтісімен жолдарды грейдерлеуші компаниялар да жұмысқа кіріспек.