МТРА жаңалықтары

Жол-көлік оқиғаларында жарақат алу көбейді.


 

Облыстағы жалғыз жарақат бөлімшесі 1971 жылы ашылған. Осы уақытта бөлімшеде  науқастар  легі бір  саябырлап көрген жоқ. Адамдар тұрмыста, өндірісте түрлі оқиғаларға тап болып, жарақаттанып жатады. Аурухананың бұл бөлімшесінде  14 дәрігер еңбек етеді. 80ге тарта кіші медициналық қызметкерлер науқастарға көмек көрсетеді.


Михаил Харламенко, 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

-Көп зардап шегушілер ауыр, өте ауыр жағдайда түседі. Кеуде жарақаты , ішкі құрылысы зақымданғандар жеткізіледі. Науқастарға мұнда толық медициналық көмек көрсетіледі. Психологиялық қолдау жасалады.

Бөлімшеге түсетін науқа
стар диагнозы да жыл мезгілдеріне сай өзгеріп отырады дейді дәрігерлер.   Қыста қол- аяғын үсіткендер, жазда құрылыста зардап шеккендердің қатары артады екен. Ал жол-көлік оқиғасынан кейінгі науқастар қай кезеңге болмасын тән. Соңғы жылдары мұндайлардың саны көбейген. Мәселен, 2008 жылы бөлімшеге жолкөлік апатында зардап шеккен 247 адам түссе, өткен жылы 294 -і тіркелген.

Михаил Харламенко, 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

 – Тұрғындар аздап тәртіп сақтағылары келмейді. Жаяу жүргіншілер де жиі түседі. Белгіленбеген жерден жолды кесу, мас күйде жолға шығудың арты қайғылы оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін.


Соңғы жылдары жарақат бөлімшесінде протездеу  жұмысы қолға алынды.
Тізе буынын тексеруге арналған артроскопиялық аппарат сатып алынды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, науқастарға ыңғайлы жағдай жасалуда.


Науқастар:
-Ота жасады. Аз күн өтсе де, жағдайымның жақсарғанын сеземін, ақырын аяққа тұруға жарап қалдым.
-Ем жоғары деңгейде жүргізіледі.
Ризамын. Палаталарға жөндеу жүргізілген.