МТРА жаңалықтары

Қоғамдық көліктердің кейбірі бағыттарын өзгертті.

 

 

Қаланың ең шетінде орналасқан Сенная база поселкесі тұрғындарының көптен бергі арманы орындалды. Қала орталығына тура қатынайтын қоғамдық көліктің бірі- 23 шағын  автобус өз бағытын Сенная база поселкесіне дейін ұзартты.
 

Қайролла Ғалеев, “Петропавл қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ бастығының орынбасары:
-Қалалық әкімдіктің шешімі бойынша бұл бағытта 12 автобус қызмет етуде.
Ол тұрғындардың ыңғайына қарай ойластырылды. Бұл поселкеге бұған дейін ешбір қоғамдық көлік қатынамаған еді.


Шағын автобус наурыздың 19-нан бастап таңғы сағат алтыдан елу минут кеткеннен кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді. Автобустардың ара
қашықтығы он минут.  

 

Тұрғындар:

– Бұрын әркім өз шамасы келгенше қала орталығына жететін. Кейбіреулеріміз жаяулап жүрдік. Енді міне керек жерімізге тура барамыз.
Өте ыңғайлы автобус. Барлық әлеуметтік нысандардың қасынан өтеді. Қаланың арғы шетіне дейін бара алатын болдық.
5 минутта қалаға барып келеміз. Адамның бақытына көп нәрсе керек емес екен ғой. Мына автобус бізге үлкен бақыт.


Рахима Қасенова да қоғамдық көліктің тапшылығынан  көп қиындық көрген екен. Осыған дейін ол екінші қалалық ауруханаға жаяулап барып жүріпті.

Рахима Қасенова, Сенная база поселкесінің тұрғыны:
-Автобус бар. Мен дәрі  алуға бардым. Таңертең мініп кеттім, жарты сағаттан соң үйде боласың. Бұрын жаяу 40 минут жүретінмін. Тіземізден батпақ болып, кабинетке кіргенде басқа аяқ киім киетінбіз. Қазір рақат, таза барып келесің.


Сонымен қатар саяжайларға қатынайтын автобустар да өз жұмыстарына кірісті. 17 сәуірден бастап 9 қоғамдық көлік қала сыртындағы бау-бақшада еңбектенемін дейтін азаматтарға қызмет көрсетуде. Ал қалған 5-уі мамырдың алғашқы күн
інен бастап жолға шығады.