МТРА жаңалықтары

Ардагерлерге арналған тәтті сыйлық

 

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған медальды алып үлгерген  Павел Михайлов  қонақтарды жарқын көңілмен қарсы алды.  Украина, Молдавия, Румыния, Венгрияны фашистерден азат етуге қатысқан майдангер үшін әрбір орден-медальдың орны бөлек.  

Павел Михайлов, соғыс ардагері:

-8 мамыр күні барлауға шығып, «тіл» әкелген едік,  сол күні кешке бізге соғыс біткенін хабарлады.Біз онда Прагадан 18 км жерде тұрғанбыз.

Мерейтойлық медаль алып, көңілі өсіп отырған майдангер «Нұр Отан» партиясының мүшелері әкеліп берген балға да риза болып қалды. Жергілікті жерде өндірілген осындай пайдалы өнім әрбір ардагерге 1,5  килограмнан таратылады.  Бұл күні партия өкілдері Алексей Халиннің үйінде де болды.  Тылда заводта жұмыс істеп жүрген бозбала  майданға 1943 жылы не бары 17 жасында  аттанған екен. Батыста соғыс қимылдары аяқталған соң ол  1945 жылы Қиыр Шығыс майданы құрамында жапондарға қарсы ұрыстарға  да қатысыпты.