МТРА жаңалықтары

Қазақ театрында тағы да премьера.

Оқиға бақытты отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігінен басталады. Бұл отбасының ортаңғы қызы Қатираш алматылық жазушымен тұрмыс құрмақ болып, болашақ күйеу баланы ата-анасымен таныстыруға үйіне шақырады. Әкесі мен шешесі қызының қуанышына ортақтасады. Ал әпкесі Ұлжан және інісі Марат екі жұптың жақын арада отау тігуін жақтырмайды. Өйткені күйеу бала анасының денсаулығы сыр бергесін жанында болуды қалайды.
Отағасы бастығын тойға алдын ала шақырып қойған. Сондықтан үйлену тойын жасамауға болмайды.
Оқиға өрбіген сайын отбасының әр мүшесінің шынайы бейнесі көрінеді. Жанұяда ауызбірлік жоқ. Сондықтан олар қайғылы оқиғаға тап болады. Әкім Таразидің бұл пьесасы өткен ғасырдың 60-шы
жылдары жазылды. Алайда режиссер спектакльді қазіргі заманға сай қойған.

Ғалымжан Баязитов
, қойылымның режиссері:
-Бұл спектакль менің дипломдық жұмысым.Көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Ұдайы күлкілі рөлдерді сомдайтын театр әртісі Мұхамедәлі Испановтың кейіпкері спектакльдің соңында драмалық бейнеге көшті.

Мұхамедәлі Испанов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі:
Бұрын күлкілі рөлдерді сомдағандықтан ба, Маратты ойнау қиын болды.Рөлдің жеңілі жоқ.

Спектакльдің тұсау кесері жоғары деңгейде өтті. Көрермендер режиссердің де, әртістердің де еңбегіне жақсы баға берді.

Көрермендер:

-Жақсы спектакль.Жас режиссер қойған дейді.Жақсы демалып қайттық.
-Спектакль өте ауыр, мағыналы.Маған Марат ұнады. Өйткені оның және әкесінің өмірге деген көзқарасы екі түрлі.
-Өте ұнады.Осындай қойылымдарға жұрт молынан келе берсе деймін.